Архив событий

21/04/2017

Көші-қон саласындағы құқық бұзушылық

21/04/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Жол көлік оқиғасын жасаған

21/04/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат Г.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2017 жылдың наурыз айында құқық бұзушы Г. өзінің басқаруындағы автокөлігінің рөлін басқара алмай, металдан жасалған қоршауды қағып кеткен.

Қорғаушы көрінеу жалған сөзі үшін сотталды

21/04/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен ҚР ҚК-тің 28-бабы 2-бөлімінде (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi), 419-бабы 3-бөлімінде, 419-бабы 3-бөлімінде (Көрінеу жалған сөз жеткізу, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет) көзделген қылмыстарды жасады деп кінәланып отырған азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кезекті «дөңгелек үстел» өтті

21/04/2017

Абай ауданының №2 аудандық сотында «Жеке айыптау істерін қозғау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға сот судьялары мен Абай ауданының Топар ПБ-нің қызметкерлері қатысты.

Қорғаушы көрінеу жалған сөз үшін сотталды

21/04/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен ҚР ҚК 28 бабы 2 бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi), 419 бабы 3 бөлімі (көрінеу жалған сөз жеткізу, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет), 419 бабы 3 бөлімі (көрінеу жалған сөз жеткізу, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет), көздел

Сенбілік өтті

21/04/2017

Ғимарат аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру мақсатында Шет аудандық сотының қызметкерлері және «Мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы» ММ-нің қызметкерлерімен сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік сот төрағаның м.а. Ерлан Ушбаевтың басшылығымен өткізілді.

Тараптардың татуласуы

21/04/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотына жеке айыптаушы С. жеке шағымымен жүгінді. Шағымында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) бойынша К.-ға айып тағады.

Қоғамдық орында масаң күйінде болғаны үшін 3 тәулікке қамауға алынды

21/04/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі бойынша (Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныды.

Сотпен азаматтық іс оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қаралды

21/04/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық соты азамат А.-ның азамат К.-дан қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Тараптар арасында несие шарты жасалған, шарттың талаптары бойынша талап қоюшы жауапкерге қарыз берген. Алайда, жауапкер қарызды қайтару бойынша міндеттерін уақтылы орындамаған.

Бұйрық тәртібінде қарыз сомасы өндірілді

21/04/2017

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотымен азамат Б.-дан бұйрық шығару тәртібімен суық су беру бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкермен суық су беру қызметі көрсетіледі. Жауапкер ағымды суларды жіберу және сумен қамтамасыз ету қызметтерін көрсету туралы көпшілік және үлгілік шарт негізінде қызметтерін қолданады.