Тараптардың татуласуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотына жеке айыптаушы С. жеке шағымымен жүгінді. Шағымында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) бойынша К.-ға айып тағады.

2017 жылдың наурыз айында С.-тың ұялы телефонына оның бұрынғы азаматтық некеде тұрған жұбайы К. қоңырау соғып, сөйлесу үшін сыртқа шығуын сұраған. Сөйлесіп тұрғанда машина келіп тоқтап, ішінен бірнеше адам шығып, К.-ның басынан бірнеше рет жұдырықтап ұрған. Сонымен, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл жарақат түсірген.

Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізгендері туралы келісім ұсынды. Келісімге сәйкес жеке айыптаушы С. жеке айыптауынан бас тартып, қылмыстық істі өндірісі бойынша қысқартуды сұраған.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі