жм, 21/04/2017 - 16:07
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құжаттарды тексеру барысында Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасында еңбекпен айналысуға рұқсат алусыз жұмыс істеген. Сонымен, Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзды.
Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды. Оған әкімішілік жаза ретінде 2 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.
Қайнар:
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі