Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат А. Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының кәмелетке жасы толмаған балаға алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған, соның салдарынан құқық бұзушыда 849 837 теңге берешек алимент қарызы жиналған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, жақын арада қарызын толық өтеуге міндеттенді.

Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылды. Ол 10 АЕК, яғни 22 690 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі