«Спорт киімдерін ұнатушы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлімінің 1-тармағында (Ұрлық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы «Сити Молл» сауда орталығында болып, «Adidas» бутигіне кіріп «Adidas» фирмасының ерлерге арналған бағасы 52 500 теңге тұратын күртеше көреді. Ол іс-әрекеттерін ешкім байқамай тұрғанына көзі жеткеннен кейін күртешені ілгіштен шешіп, бутиктен қолындағы күртешемен шығып кетеді. Сондай-ақ, ол «Сити Молл» сауда орталығындағы «FLO» бутигінде тағыда қайталанды. Ерлер залында «Puma» фирмасының бағасы 34 990 теңгені құрайтын кроссовкасын көреді. Оны ешкім байқамайтынына көз жеткізіп, қорапты ашып жоғарыдағы кроссовканы алып кетеді. Ары қарай, «Спортмастер» бутигіне кіріп, «Colombia» фирмасының 60 990 теңге тұратын ерлерге арналған күртешесін көріп, күртешені шешіп алып және өзімен бірге болған сөмкесіне салып кетті.
Сот үкімімен А. қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі