Семинар өтті

Сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізілді

24/01/2017
Қарқаралы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы Касымбеков М., судья Боранбаев Е., кеңсе меңгеруші Камерленова А. және кеңсе мамандары қатысты.

Балқаш қалалық сотында мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен төлеуден босату негіздеріне қатысты мәселелер талқыланды

03/05/2016
Балқаш қалалық сотында сот мамандарының қатысуымен семинарлық сабақ өткізілді. Семинар жұмысын алғы сөзбен кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Ф.М. Қауымбеков ашты.
«Сот шығындары, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері және оны төлеуден босату негіздері» тақырыбы бойынша бас маман Ш.К. Байгаскина баяндама жасады.

Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеудің күшін жоюмен байланысты проблемалық мәселелері талқыланды

06/04/2016
Қарағанды облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеудің күшін жоюмен байланысты проблемалық мәселелері» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын оқыту туралы семинарлық сабақ өтті

30/03/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 29 қарашасындағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын» оқыту туралы семинарлық сабағы өтті.
Аталған іс шараға сот мамандары қатысты.

Қарағанды облыстық сотында экономикалық дауларды қарау тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды

18/03/2016
Қарағанды облыстық сотында «Экономикалық дауларды қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның модераторы Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Т. Әлімбеков болды.