Теміртау қалалық соты

Теміртау қалалық сотында мерекелік жиналыс өткізілді

15/12/2017

Қазақстанның тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының ең маңызды ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. Қазақстанның тәуелсіздік күнін мерекелеу күні кездейсоқ белгіленген жоқ. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздік және Республиканың мемлекеттік егемендігі жөнінде Заң қабылдады.

Теміртауда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтады

28/06/2017

Теміртау қалалық соты Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен бірлесіп «Зеркало» және «Отан-заман» газеттерінің қызметкерлерін Байланыс және баспасөз қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

«Сот талқылауының жариялығын, ашықтығын және өткізу тәртібін қамтамасыз ету» тақыбыры бойынша семинар

13/04/2017
Теміртау қалалық сотында мамандар қатысуымен «Сот талқылауының жариялығын, ашықтығын және өткізу тәртібін қамтамасыз ету» тақыбырына семинар өткізілді.
Соттың бас маманы Мадияр Абенов баяндама жасады.

Қорғаушы пара беруге айдап салғаны үшін 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын алды

13/04/2017
Теміртау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігінде – 367-бабының 1-бөлігінде (лауазымды тұлғаға делдал арқылы пара беруге айдап салу),  190-бабының 2-бөлігінің 3-тармағында (адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып  бөтеннің мүлкін алдау жолымен жымқыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін  қорғаушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Теміртау қалалық сотымен 2016 жыл бойынша қорытынды шығарылды

21/02/2017
Теміртау қалалық сотында 2016 жыл бойынша сот жұмысының қорытындысы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатында БАҚ-пен өзара әрекеттестік бойынша үйлестіруші судья Е. Дусалиев және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Теміртау қалалық соты «Қарағанды облысының кәмелетке толмаған балалардың бейімделу орталығы» КММ-мен үйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 –жылдығына арналған қайырымдылық мерекесіне қатысты

15/12/2016
Теміртау қалалық сотының қызметкерлері «Қарағанды облысының кәмелетке толмаған балалардың бейімделу орталығы» КММ-мен үйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 –жылдығына арналған  қайырымдылық мерекесіне қатысты.

Теміртау қалалық сотында үкіметтік есем ұйымдардың қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді

12/12/2016
Теміртау қалалық  сотында судья, БАҚ-мен өзара әрекет жөніндегі үйлестірушісі Е.Э. Дусалиевтың төрағалық етуімен мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Теміртау қалалық сотында аумақтық сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және келішулер үшін ішкі объектілік тәртіп бойынша семинар өткізілді

09/12/2016
Теміртау қалалық сотында, сот ғимаратына кіру – шығу тәртібін сақтау, сотқа бөтен тұлғалардың келуін жоққа шығару, соттың терроризмге қарсы қорғауының деңгейін көтеру, судьялар мен мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы аумақтық сот ғимаратының кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және келішулер үшін ішкі объектілік тәртіп» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Беттер