Архив событий

20/01/2014

Көші-қон мәселелері

20/01/2014

2014 жылдың 17-қаңтарында Қарағанды облыстық сотының оқу орталығында «Көші-қон заңнамасын қолданудағы көкейкесті сұрақтар» тақырыбында семинар болып өтті. Шараның модераторы – ҚР Судьялар Одағы филиалының төрағасы Н. Кузнецова. Семинар жұмысына, сонымен қатар,  облыстық соттың судьясы Н. Бесембаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, ҰҚКД басқармасы басшысының орынбасары Т. Байгабатов қатысты. Модератордың айтуынша, көші-қон сұрақтары бұған дейін де біраз талқыға түскен болатын, алайда, бүгінгі күнде заңнамадағы ақтаңдақтарға байланысты кейбір келеңсіздіктер орын алуда.