Архив событий

27/01/2014

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы талқыланды

27/01/2014

2014 жылдың 24-қаңтарында Қарағанды облыстық соты судьялары мен мамандары  Қарағанды облыстық сотында Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Жолдауының негізгі бағыттары талқыға салынды.Елбасы соттардың роліне баса назар аударады, себебі сот органдары құқықтық мемлекеттің дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Жолдауда сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді болып, барлық дауларды қарапайым әрі жедел шешуі тиіс делінген.