Архив событий

31/01/2014

Ауқымды еңбектің жемісі

31/01/2014

Қарағанды облысының соттары өзінің қызметін ашықтық, жариялылық, қол жетімділік және қоғаммен өзара пікір алмасу принциптерінде құрайды. Атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізілетін баспасөз мәслихаттары осының айғағы. Мәселен, үстіміздегі жылдың 14-қаңтарында Қарқаралы аудандық соты 2013 жылдың 12 айында  атқарған жұмыс қорытындылары жөнінде өткен баспасөз мәслихатында қаралған істердің көрсеткіштері бойынша шолу жасап, оның ішіндегі елеулі іс-шараларға, қол жеткізген жетістіктер жайлы БАҚ-на жан-жақты ақпарат берді.