Архив событий

03/02/2014

Осакаров ауданының №2 аудандық соты жұмысын қорытындылады

03/02/2014

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған 2013 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы баспасөз мәслихаты өткізілді. Сот төрағасы К. Байғаскин аталмыш кездесулердің басты мақсаты – сот қызметінің ашықтығын насихаттау екенін және азаматтар сот жұмысы туралы сыбыстан емес, тікелей газет, журналдардан білгені абзал екенін атап өтті. Сот төрелігін асыру сапасын жақсарту мақсатында апелляциялық сатының қаулылары егжей-тегжейлі зерделеніп, соттың жедел кеңестерінде талқыланады.