Осакаров ауданының №2 аудандық соты жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған 2013 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы баспасөз мәслихаты өткізілді. Сот төрағасы К. Байғаскин аталмыш кездесулердің басты мақсаты – сот қызметінің ашықтығын насихаттау екенін және азаматтар сот жұмысы туралы сыбыстан емес, тікелей газет, журналдардан білгені абзал екенін атап өтті. Сот төрелігін асыру сапасын жақсарту мақсатында апелляциялық сатының қаулылары егжей-тегжейлі зерделеніп, соттың жедел кеңестерінде талқыланады. Қажетті ақпарат немесе түсіндірме алу кезінде туындайтын шағымдардың түсуін азайту мақсатында сотта тоқсан сайын ашық есік күндері өткізіледі және бұл жайлы алдын ала БАҚ-да хабарландыру таратылады, сондай-ақ, сот төрағасымен  азаматтарды жеке қабылдау шарасы өткізеді. Судьялар мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы жайлы үнемі жедел кеңестер өтіп тұрады. 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы