Архив событий

20/02/2014

Мерейтой иесін құттықтады

20/02/2014

Бүгін Қарағанды облыстық сотының судьясы Әбдіәшім Әлжаппарұлы Сәлин 60 жасқа толды. Осы торқалы тоймен мерейтой иесін облыстық соттың ұжымы атынан сот төрағасы Е. Серекбаев шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тіледі. Ә.Ә. Сәлин өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде халықтың игілігіне бөленіп, қызметтің қызықты да қиын саласын абыроймен атқарып келе жатқан жан. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектері  еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар.