Мерейтой иесін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды облыстық сотының судьясы Әбдіәшім Әлжаппарұлы Сәлин 60 жасқа толды. Осы торқалы тоймен мерейтой иесін облыстық соттың ұжымы атынан сот төрағасы Е. Серекбаев шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тіледі. Ә.Ә. Сәлин өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде халықтың игілігіне бөленіп, қызметтің қызықты да қиын саласын абыроймен атқарып келе жатқан жан. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектері  еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмай, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін дегіміз келеді. 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы