Архив событий

19/01/2015

Сот кабинеті –ыңғайлы, қолайлы және тез

19/01/2015

Қарағанды қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ-сі басшысының орынбасары Д.Г. Ахашов ХҚКО-ның жұмыскерлерімен «Сот кабинеті» сервисі бойынша түсініктеме семинарын өткізді. Ол, бұл іс-шараны «Сот кабинет» ақпараттық сервисінің жұмысын насихаттау мақсатында өткізіп отырғанын айтты.

Балқаш қалалық сотының қызметкерлері белсенді түрде тілдер менгеруде

19/01/2015

Балқаш қаласының «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорытынды ақпараты бойынша 2014 жылы тілді меңгеруге 382 тұлға қамтылып, олардың 345-і сертификаттарды иеленді. Оның ішінде 193 тұлға мемлекеттік тілді, 152 тұлға ағылшын тілін меңгерген.

Осыған орай, «Тілдер орталығы» КММ директоры, мәдениет және тілдер дамыту бөлімдерінің өкілдері және БАҚ өкілдерінің қатысуларымен «Тіл жанашыры» шарасы өтті, онда емтихандарды жақсы тапсырған тыңдаушыларды сертификаттармен және дипломмен марапаттады.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бойынша төрешілдік әрекетті төмендету бойынша жаңа жоспар

19/01/2015

Қазақстан Ренспубликасының Жоғарғы Сотымен алдағы уақытта сот төрелігіне талап арыздарды халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ұтымды әрі оңтайлы жолдау туралы ұсыныс түскен.

Осы жағдайға байланысты 2015 жылдың 19 қаңтарында Осакаров ауданының №2 соты Осакаров ауданының «ХҚКО» РМК №2 бөлімшесімен бірлесе отырып, сотқа талап арыздарды «Сот кабинеті» ақппарттық жүйесі арқылы жолдау жағдайына байланысты «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды, және жауапты тұлға анықталды.