Архив событий

23/01/2015

Нұра аудандық сотының өкілдері "Сот кабинеті" сервисі туралы түсіндіруде

23/01/2015

Нұра ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «сот кабинеті арқылы сотқа жүгінуді жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілген болатын. Сот қызметкерлері ұйымдастырған іс-шараға ХҚҚО қызметкерлері қатысып, отырыс барысында «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс атқару Нұсқаулығы талқыланып және осыған байланысты туындаған сұрақтарға жауап берілді. Содан кейін, сот қызметкерлерімен ХҚКО қызметкерлеріне интернет көздері арқылы «Сот кабинеті» сервисін қолдану жолы көсетілді.

ХҚКО арқылы электронды талап арызды беру

23/01/2015

Қазақстан Ренспубликасының Жоғарғы Сотымен алдағы уақытта сот төрелігіне талап арыздарды халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ұтымды әрі оңтайлы жолдау туралы ұсыну туралы тапсырма берілген.

Сот кабинеті арқылы талап арыздарды ұсыну жүйесін насихаттау және дамыту Қарағанды облысында жоғары дәрежеде іске асырылуда.