Архив событий

30/01/2015

Қарағанды облыстық облыстық соты 2014 жылдың жұмыс қорытындысың шығарды

30/01/2015

Қарағанды облыстық сотында облыстық сот төрағасы М.Т. Әлімбековтің төрағалық етуімен 2014 жылдың жұмыс қорытындыларын облыс судьяларының кеңейтілген отырысы өтті.

Сот төрелігін іске асырудың қорытындылары туралы ақпаратпен азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Б.Қ.Маймақов және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Р.Әріпов сөз сөйледі.

Шахтинск қалалық сотында азаматтарды қабылдау

30/01/2015

Шахтинск қалалық сотында 2015 жылдың 29 қаңтарында БАҚ-пен жұмыс істеу жоспары бойынша «Азаматтарды қабылдау» шарасы өткізілді. Азаматтарды қабылдауды Шахтинск қалалық сотының төрағасы Д.А.Дәуітов жүзеге асырды. «Азаматтарды қабылдау» жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Азаматтар заңгерлік сұрақтармен көмек сұрап келеді.