Архив событий

08/07/2016

Бітімгершілік келісім бекітілді

08/07/2016
Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «N» ЖШС-нің «М» ЖШС-нен 1 894 539 теңге мөлшерінде борышын және 475 527 теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

Темекінің тұқылы үшін айыппұл

08/07/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында құқық бұзушы К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік істі қарады.
Құқық бұзушы К. мектептің ғимаратының жанында, темекі шегіп, темекінің тұқылын жерге тастаған. Яғни, қоғамдық орында осы іс-әрекетімен ұсақ бұзақылық жасаған.

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соттары мен Октябрь аудандық әкімдігі бітімгершілік рәсімдер институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

08/07/2016
Қарағанды қаласының Октябрь ауданының соттары мен Октябрь ауданының әкімдігі кәсіптік қызметті дамыту үшін қолайлы құқықтық ортаны қалыптастыру, ары қарай өзара әрекеттерді нығайту, альтернативті және соттан тыс әрекеттерімен даулардың шешілуін, сонымен қатар, қоғамдағы дау дәрежесін төмендету негізінде медиацияны қолдану мақсатында Меморандум бекітті.

Іс медиация тәртібінде қысқарылды

08/07/2016
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында азамат Г.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 188 бабы 1 бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Шет аудандық соты, Шет ауданының №2 соты және Шет ауданының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

08/07/2016
Қазақстан Республикасы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында Шет аудандық сотының төрағасы Д.Қ. Бурабаев, Шет ауданының №2 сотының төрағасы Қ.С. Алькеев және Шет ауданының әкімі М.Ж. Жандәулетов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Айыппұл қоғамдық жұмыстарға ауыстырылды

08/07/2016
Қарқаралы аудандық сотымен сотталушы Х.-ның айыппұлды төлеуден жалтаруына байланысты, төленбеген айыппұл сомасын басқа жазаға ауыстыру туралы мемлекеттік сот орындаушының ұсынысы қанағаттандырылды.

Жанұялық жанжал үшін 7 тәулікке қамалды

08/07/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық соты құқық бұзушы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.
18.06.2016 жылы Б. өзінің қарындасына жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан. Жанұялық жанжал азамат Б. бір жылда екі рет қайталап отыр.

Әділ жаза тағайындалды

08/07/2016
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады.

Мас күйінде жүргізгені үшін 20 тәулік мерзімге қамауға алынды

08/07/2016
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық соты құқық бұзушы С.-қа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабының 6 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Саранда әкімдік пен сот корпусы өзара ынытымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

08/07/2016
Саранда қалалық сотының төрағасы Б. Имашев пен қала әкімі А. Шкарупа дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту туралы өзара ықпалдастық туралы Меморандумға қол қойды.