Архив событий

20/07/2016

Жанұялық жанжал үшін 2 тәулікке қамалды

20/07/2016
Ұлытау аудандық соты құқық бұзушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.
Ж. өзінің әйеліне жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.

Медиация кабинеті өз жұмысын бастады

20/07/2016
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданның Акімдігімен меморандумды жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды қаласының Қазыбек ауданның №2 аудандық сотымен медиация кабинеті ашылды.
Сонымен қатар аудан Акімдігімен бірлесіп сот ғимаратында апта сайын кәсіби емес медиаторлар кезекшілігі ұйымдастырылды.

Ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қысқартылды

20/07/2016
Ұлытау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) азамат Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта жәбірленуші сотталушымен татуласқандарын және өзіне келген шығынның толығымен өтелгенін сол себепті, қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұрады.
Аталған қылмыстық іс қысқартылды.

Атқарылған жұмыстың көтермелі құнын қалпына келтіруді міндеттеу туралы

20/07/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Қарағанды облысының ревизиялық комиссиясы» ММ-нің жауапкер «О» ММ-не, «А» ЖШС-не құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 132 700 600 теңге көлемінде атқарылған жұмыстың көтермелі құнын қалпына келтіруді міндеттеу туралы, «О» ММ-ін 132 700 600 теңге көлемінде жіберілген кемшіліктерді бухгалтерлік есепте көрсетуді міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.