Архив событий

13/07/2016

Автокөлік жүргізу құралынан айыру

13/07/2016
Ұлытау аудандық сотымен Қазақстан Республкасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабының 3 бөлігімен азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта, құқық бұзушы жасаған кінәсін толық мойындап, ол кінәлі деп танылып 1 жыл мерзімге көлік басқару куәлігінен айырылды.

 

Сотпен әкімшілік қадағалау орнатылды

13/07/2016
Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов ПБ-нің бастығының Г-ға қатысты 6 ай мерзімге арнайы шектеу қоюмен әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынысы Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен қанағаттандырылды.

Қылмыстық іс бойынша медиация тәртібімен келісім бекітілді

13/07/2016
Шет аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен айыпты болған Қадыл Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарау барысында тараптар арасында медиатордың қатысуымен дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешу жүзеге асырылды.

Медиация тәртібімен келісім бекітілді

13/07/2016
Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен аз. Б.-ның талап арызы бойынша жауапкерлер аз. У., аз. М. және аз. А.-тан ортақ тәртіппен талапкердің малын өлтіріп алуына байланысты материалдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралған. Бұл азаматтық ісі медиация тәртібімен бітімгершілік туралы келісімінің бекітілуімен аяқталған болатын.