Балқаш қалалық соты 2019 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші-судья Нұргүл Берлікешева өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсетілген кезеңдегі статистикалық мәліметтерді жария етті.

Сонымен, 2019 жылдың 1 – тоқсанында сот 60 қылмыстық істі қарады, оның ішінде 47 іс аяқталды (42 – 2018 ж.), үкім шығарумен – 29 (31 – 2018 ж.), өндірісті қысқарту туралы қаулы шығарумен - 16 (8 – 2018 ж.), прокурорға қайтарылды – 1 (2 - 2018 ж.), медиация рәсімін қолданумен аяқталды – 9 (0-2018 ж.).

2019 жылдың 1-ші тоқсанында талап арыздары бойынша 110 азаматтық істер (22 - 2018 жылы) және 1335 (2,755 – 2018 ж.) келіп түсті, 78 қайтарылды (23 - 2018 жылы) және 18 адам қабылданбады. (1 - 2018 жылы). Барлығы 1 492 (2 465 – 2018 ж.) азаматтық іс аяқталды, оның ішінде шешім шығарумен 470 (563 – 2018 ж.) іс, бұйрық шығарумен – 300 (1 809 – 2018 ж.), медиация тәртібімен аяқталды - 507 (49 – 2018 ж.), бейбіт келісім бойынша реттелді - 1 (3 – 2018 ж.).

Судья Н. Берлікешева Жоғарғы Соттың сот төрелігін жүзеге асыру процесін цифрландыру бойынша жетінші басым бағытты іске асыру шеңберінде «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Сот Android немесе Iphone базасында «TrueConf» тегін қосымшасын жүктеу арқылы мобильді бейнеконференция байланысын кеңінен қолданады.

2019 жылдың 1 тоқсанында сот 5 азаматтық істерді мобильді бейне конференция арқылы қарастырылды.

Аталған инновациялық технологиялар сот процестерін тараптардың сотқа бармай жүргізуге мүмкіндік береді, бейнеконференцбайланысты пайдалану азаматтарға олардың басқа аудандарда, облыстарда және тіпті елдерде болуына байланысты айтарлықтай қаражатты үнемдейді.

Спикер сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру туралы заңнаманың қолданысқа енгізілуіне байланысты жұмыс көлемінің азайғаны туралы айтты.

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз-қызметі