Мектеп-интернат тәрбиеленуші балалары үшін экскурсия

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Гүлнар Жукина «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің тәрбиеленуші балаларына қалалық сот ғимаратында экскурсия өткізіп, «Кәмелетке толмағандардың азаматтық және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандардың қылмыстық мәселелерін талқылау, мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандардың азаматтық және қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктері туралы түсіндіру және кәмелетке толмағандардың заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу болып табылады.

Кеңсе меңгерушісі оқушыларға кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен міндеттеріне қалай қарау керектігін, жауапкершіліктің қандай түрлері бар екендігін және олардың нені білдіретіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оқушылар  күту бөлмелерін, сот отырысы залдарын аралады.

Балалар меңгерушінің әңгімесін мұқият тыңдап, оған сұрақтар қойды. Барлық естігенін жинақтай отырып, олар кездесу ешкімді бей-жай қалдырмағанын, өйткені өз құқықтарын, мемлекетіміздің заңдарын білу Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының қалыптасуының қажетті шарты болып табылатынын атап айтты.

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз-қызметі