Медиация мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында «Мемлекеттік тілде қаралатын істер бойынша, медиацияны қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік тіл жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі - судья Гүлмира Жақыпова, татуластыру процедуралары бойынша үйлестіруші – судья Камила Бекішева, Балқаш қ. В.И.Дергунов атындағы заң консультациясының өкілі - Нұрсұлу Жасымбекова, Балқаш қ. жеке адвокат Сенбай Жүнісов, «БРТ-Юрист» ЖШС заңгері Райхан Бакижанова, сондай-ақ жергілікті газет тілшісі қатысты.

Судья Г. Жақыпова бітімгершілік рәсімдерді жүргізу кезінде тараптарға міндетті түрде рәсімдердің бір түрін таңдау мүмкіндігі: бейбіт келісімді жасасу, партисипативтік келісімді, медиатордың қатысуымен немесе сот медиациясын жүргізу жолымен медиативтік татуласуды жасасу туралы түсіндірілетіндігі туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиацияны мемлекеттік тілде ресімдеумен байланысты, дауларды медиация тәртібімен шешу кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Мәселен, 2019 жылдың бірінші тоқсанында қалалық сотта медиацияны қолдану арқылы 507 іс аяқталды, оның ішінде медиацияны мемлекеттік тілде қолдану арқылы - 5.

Татуластырушы судья Камила Бекішева «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңына сәйкес қорғаушы немесе өкіл ретінде адвокаттың татуластыру рәсімдерін жүргізуге құқылы екендігіне қатысушылардың назарын аударды. Сондай-ақ, оған көмек сұраған адамның жағдайын нашарлататын, өзінің мүдделерін қорғайтын немесе білдіретін адамның мүдделеріне қарсы өз өкілеттіктерін пайдалану үшін құқықтық жағдайды жасауға тыйым салынады.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

 

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі