Жаңалықтар

ҚР Президентінің Жолдауы пленарлық отырыста талқыланбақ

23/01/2014

Қарағанды облыстық сотында 2014 жылдың 24-қаңтарында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылау мақсатында пленарлық отырысы өтеді.

Көші-қон мәселелері

20/01/2014

2014 жылдың 17-қаңтарында Қарағанды облыстық сотының оқу орталығында «Көші-қон заңнамасын қолданудағы көкейкесті сұрақтар» тақырыбында семинар болып өтті. Шараның модераторы – ҚР Судьялар Одағы филиалының төрағасы Н. Кузнецова. Семинар жұмысына, сонымен қатар,  облыстық соттың судьясы Н. Бесембаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, ҰҚКД басқармасы басшысының орынбасары Т. Байгабатов қатысты. Модератордың айтуынша, көші-қон сұрақтары бұған дейін де біраз талқыға түскен болатын, алайда, бүгінгі күнде заңнамадағы ақтаңдақтарға байланысты кейбір келеңсіздіктер орын алуда.

Сәтпаев қалалық сотында өткен семинар

13/01/2014

2014 жылдың 10 қаңтарында Сәтбаев қалалық сотында «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір сұрақтары» атты семинар сабағы өтті. Аталмыш шараға қалалық соттың төрағасы мен қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялар қатысты.

Әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдар бойынша өткен байқау туралы ақпарат

10/01/2014

Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз  ету  департаментінің  (Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Қарағанды облыстық соты Кеңсесі  әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос 31 орнына байқау өткізген болатын. 
           Байқау комиссиясы байқауға қатысушылардың құжаттарын, тестілеу және әңгімелесу нәтижелерін қарастыра отырып, бірауыздан келесі лауазымдарға тағайындауға шешім шығарды:
1.    Байдильдин Жанкельды Итжановичті Нұра аудандық соты кеңсесінің бас маманы лауазымына;

Баспасөз орталығы

09/01/2014
- Судья, БАҚ-пен өзара әрекет жасау жөніндегі баспасөз орталығының үйлестірушісі (азаматтық істер бойынша) - Айкенова Алмагүл Кайратқызы
- Жұмыс телефоны: 8 (7212) 55-95-29
- Судья, БАҚ-пен өзара әрекет жасау жөніндегі баспасөз орталығының үйлестірушісі (қылмыстық істер бойынша) - Мәукен Еркеш Мәукенқызы
- Жұмыс телефоны: 8 (7212) 55-09-06
- Судья, БАҚ-пен өзара әрекет жасау жөніндегі баспасөз орталығының үйлестірушісі (азаматтық істер бойынша) - Исабекова Рыскүл Казиевна

Облыстық сотта азаматтарды қабылдау

06/01/2014

2014 жылдың 6-қаңтарында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е. Серекбаев жоспарға сай облыстық сот ғимаратында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға тіркелген 15 азаматтың сұрақтары соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік жағдайы, банкротқа ұшыраған кәсіпорындардан қарыздарды өндіру, сот шешімдерінің орындалуы және тұрғын үйге меншік құқығы төңірегінде болды. Аталмыш іс шараға Қазыбек би атындағы ауданның №2 аудандық сотының төрағасы Ш. Әбдіров, Октябрь аудандық сотының төрағасы Т. Тоқболатов және «Қарағанды облыстық соты кеңсесі» ММ-нің басшысы Д. Құсбеков қатысты.

Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның көшпелі семинары

25/12/2013

Судьялар әдебі жөніндегі комиссия мүшелері Ж. Әбішев, Т. Молдахметова, У. Ибраев, А. Сагиев, Б. Имашев, Б. Алибековтер Қазақстан Республикасы судьяларының VI съездінде және VI съезд бекіткен Қаулыда бекітілген әрбір судьяның кәсіпқойлық қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту, судья әдебінің нормаларын сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында  2013 жылдың 13-20 желтоқсан аралығында  облыстың соттарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыстық сот төрағасының Жаңа Жылмен құттықтауы

24/12/2013

Құрметті әріптестер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – келешектен тек жақсылық күттіретін, барлық арман-тілектердің орындаулынан үміт ететін сиқырлы мейрам.  Осынау мереке өткен шақ пен келер таңды бүгінгі күнмен ұштастырып, жарқын армандар мен  жаңа мақсаттарға қанат қақтырады. Өтіп бара жатқан жыл сот қауымдастығының өмірінде елеулі ізін қалдырды. Қарашада өткен Қазақстан Республикасы судьяларының  VI

Санкциялаудың көкейкесті сұрақтары

20/12/2013

2013 жылдың 20-желтоқсанында Қарағанды облыстық сотының оқу орталығында  «Азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолданудағы көкейкесті сұрақтар (Сот орындаушылардың қаулыларына санкция беру сұрақтары)» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның модераторы – азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқа төрағасының міндетін атқарушы судья А. Қанбаев. Алқалы жиынға облыстық сот судьясы Қ.

Беттер