Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы талқылау бойынша дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Марданова, қылмыстық істер қарайтын судьялар, Октябрь аудандық сотының прокуроры Г.К.Нығметжан, Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Д.М.Дюсембеков, Октябрь аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Н.Г.Аханованың қатысуымен өтті.

Судья А.Т.Жуванышева «Бұйрық өндірісі. Бұйрық өндірісінің тәртібі» тақырыбында баяндаманы оқыды.

Судья бұйрық өндірісі бойынша енгізілген өзгерістер туралы атап кетті.

Сонымен қатар тергеу судьяларының өкілеттілігін кеңейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар талқылап, өз-ара пікір алмасты.

Қайнар: 
Пресс-служба Октябрьского районного суда г. Караганды