Тұрғын үйден шығару туралы іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотына талап қоюшы аз.Ж-ның аз.Т-ға қатысты талап арызы келіп түсті.

Судья-татуластырушы тараптарға медиация рәсімін қолдану арқылы дауды реттеу мүмкіндігі, оң жақтары мен салдары туралы түсіндірді.

Тараптар өзара келісімге келді және оны келесі шарттармен жасасты: талапкер жауапкерді шығару туралы өз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер келісілген мерзімге дейін ерікті түрде қоныс аударуға міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен келісім бекітілді. Ұйғарым заңды күшіне енгеннен кейін талапкерге төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылады.

 

Қайнар: 
Октябрь аудандық сотының баспасөз-қызметі