Октябрь аудандық соты

Тұрғын үйден шығару туралы іс медиация тәртібімен аяқталды

19/04/2019

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотына талап қоюшы аз.Ж-ның аз.Т-ға қатысты талап арызы келіп түсті.

Судья-татуластырушы тараптарға медиация рәсімін қолдану арқылы дауды реттеу мүмкіндігі, оң жақтары мен салдары туралы түсіндірді.

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы талқылау бойынша дөңгелек үстел

26/01/2018

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен!

15/12/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні жыл сайын 16, 17 желтоқсанда тойланады. Бұл басты мерекелердің бірі.

Октябрь аудандық сотында адвокаттар қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

26/10/2017

В ОкҚарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында сот төрағасы Алия Марданованың төрағалығымен, Заң кеңестері адвокаттарымен, судьялардың қатысуымен  «Азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін татуластыру рәсімдерін қолдана отырып шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қарағанды қаласының Октябрь ауданық заң кеңсесі адвокаты Кочетова, Қарағанды қаласының №2 Октябрь аудандық заң кеңсесі меңгерушісі М.И.Ибрахимов қатысты.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданының соттары БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28/06/2017

Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне байланысты Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е. Хуанган, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж. Бадыров, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №3 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е. Киясов бірлесе отырып БАҚ өкілдерін – Т. Шарипованы, У. Бекимованы, А. Былкилованы кәсіби мерекесімен құттықтады.

Рақымшылық жасау туралы актінің негізінде жазадан босатылды

24/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты аудандық пробация қызметі бөлімінің сотталған Г.-ты «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының талаптарына сай жазадан босату туралы ұсынысты қарады.

БАҚ өкілдерінің назарына

19/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ағымдағы жылдың 23 қаңтарында сағат 12.00-де өткен 2016 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 13 желтоқсан 2016 жылғы №27-VІ ҚРЗ заңының қолданылуын түсіндіру мақсатында «БРИФИНГ» іс-шарасы өткізілетіндігі жайлы хабарлайды.

Құқық қолдану практикасы бойынша семинар сабағы өткізілді

19/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді қарау тәжірибесін талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.
Семинарға сот төрағасы А.Т. Марданова және судьялар қатысты.

Қарызды өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды

17/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «ГорКомТранс» ЖШС-нің аз. У-ға тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі бойынша қарыз сомманы өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Беттер