Сот кәмелетке толмаған жасөспірімге 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша:

 

ТАҒЫЛҒАН АЙЫП:

Қылмыстық қудалау органы кәмелетке толмаған М. терроризм актісі туралы  жалған хабарлама жасады деп айыпталды.

 

СОТ НЕНІ АНЫҚТАДЫ:

Сотпен сотталушы М.06.12.2023 жылы 11.12 сағатта Теміртау қаласының білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ ғимаратында болған кезде сыныптасынан ұялы телефон алып, "112" шұғыл қызметінің нөмірін теріп, Төтенше жағдайлар басқармасының операторына мектепті миналап тастағаны туралы хабарлағандығы анықталды. М.-ның қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде шұғыл қызметтер жарылғыш заттарды анықтау бойынша арнайы іс-шаралар өткізді, сол арқылы "Қарағанды облысының полиция департаменті" ММ, "Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы"КМК мүліктік залал келтірілді.

 

СОТТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН РАСТАЙТЫН ДӘЛЕЛДЕР:

Іс Теміртау қаласының прокуроры мен күдікті М. арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процессуалдық келісіммен сотқа келіп түсті.

Процессуалдық келісімде жазаның түрі мен мөлшері көрсетілген, ҚК – нің 273-бабы боцйынша М.-ға қатысты  ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігі, 81-бабының 6-бөлігі ережелеріне сәйкес белгілі бір міндеттерді орындауды жүктей отырып, тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу туралы прокурор сотқа өтініш жасайды.

Сот отырысында сотталушы М. процессуалдық келісімге өзінің келісімін білдіріп, сотқа келісім оның пікірін, іс бойынша оның заңды өкілі мен жәбірленушілер өкілдерінің пікірін ескере отырып, адвокаттың қатысуымен жасалғанын және оның ерік-жігеріне сәйкес келетіндігін хабарлады. Жасалған қылмыстың мән-жайларын дауламайды, ҚК-нің 273-бабы бойынша кінәсін толық мойындайды, іс бойынша басқа да дәлелдемелерді зерттеуді талап етпейді. Ол процессуалдық келісімде ұсынылған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның түрі мен мөлшерімен келіседі

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ:

Сот отырысында прокурор мен сотталушының қорғаушысы да процессуалдық келісімді қолдады.

 

СОТ НЕГЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАДЫ:

 

ҚК-нің 273-бабының санкциясы жазаның балама түрлерін көздейді, алайда сот процессуалдық келісімде көрсетілген жазаның түрі мен мөлшерімен келісті, өйткені ол ҚК талаптарына, жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың ауырлығына және кінәлінің жеке басына сәйкес келеді.

Кінәлінің өкінуін, оның кәмелетке толмағанын ескере отырып, сот М. - ға 1 (бір) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеп, 1 (бір) жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Источник: 
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі