Жаңаарқа аудандық соты

Ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік қамаққа алынды

16/02/2017
Азамат С. Атасу кентінде ортақ пайдалану орнында темекі шегіп, темекіден қалған қалдықты жерге лақтырып жіберген. Ол қоғамдық орынды ластап, осылайша ұсақ бұзақылық жасап қоғамдық тәртіппен белгіленген заңын бұзған.

Жаңаарқа аудандық сотында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу Қағидаларын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді

16/02/2017
Жаңаарқа аудандық сотында кеңсе менгерушісі Г. Касенова мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау өткізу бойынша сот қызметкерлерінің қатысуымен дәріс сабағын өткізді.
Аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауызымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.

Жаңаарқа аудандық соты 2016 жылдың 12 айдағы жұмысын қорытындылады

16/02/2017
Жаңаарқа аудандық сотында аудандық «Жаңаарқа» газетінің журанлистерімен баспасөз мәжілісі өткізілді.
Баспасөз мәжілісінде сот төрағасы Б. Серғалиев 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар мен азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау сапасын баяндады.

Жаңаарқа аудандық сотында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді

09/12/2016
Қарағанды облысының Жаңаарқа аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Б. Серғалиев жүргізді.
Аталған іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізілді.

«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды

08/12/2016
Жаңаарқа аудандық сотында судья А. Баубековтың төрағалық етуімен 2015 жылы 20 ақпанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы» жөнінде «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға ҮЕҰ және басқа да мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Қоғамдық орынды ластау тиылмай тұр

18/11/2016
Жаңаарқа аудандық сотына азамат А. қараша айында 2016 жылы Атасу  кенті А.Сейдімбек көшесінде орналасқан «Бекнұр» дүкенінің алдында қоғамдық орнында тұрып, қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрған жерінде, яғни белгіленбеген орында темекі қалдығын жерге тастай салып, ортақ пайдалану орның ластап, ұсақ бұзақылық жасаған жөнінде әкімшілік іс түсті.

«Қамауға алынбай – отбасы тыныштығын сақтайық»

18/11/2016
Азамат Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қайталап Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылындағы үйінде жұбайы Д-ға тиісіп, балағат сөздер айтып, қорлап, жанжал көтеріп үй-ішінің тыныштығын бұзғандығы жөнінде Жаңаарқа аудандық сотына әкімшілік іс түсті.          

Асығып жол көлік оқиғасына жол берді

11/11/2016
Азамат М. 2016 жылдың қазан айында сағат 17-55 шамасында автокөлігін басқара отырып, жол үстінде бұрылып, он жақтан қатарлас келе жатқан басқа автокөлігіне жол бермей соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Осы жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөліктер механикалық зақым алған және материалдық залал келтірілген, ешкім дене жарақатын алмаған.

Беттер