Автор жазбалары

Құрметті оқырмандар!

Жаңа жылмен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Сіздерге мықты денсаулық, зор бақыт, сәттілік, таусылмас қуат, барлық кәсіби жоспарларды іске асыруда табыс тілеймін!

Құрметті біздің сайтқа кірушілер!

 
Сіздерді мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы күні, 25 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде ел Президенті болып сайланды.

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — ерекше мереке. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін оқиға.
Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өттік.

Отан қорғаушылар күнімен!

1992 жылы 7 мамырда еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойып, сол уақыттан бері Отан қорғаушылар күні бүкілхалықтық мерекеге айналды.

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Қазақстандық жолының бейбітшілігі мен өркендеіуінің рәмізі болып табылатын Қазақстан халқының Бірлігі күнімен сіздерді құттықтаймын. Біздің бірлігіміз – гүлденудің стратегиялық қоры, біздің ертеңгі күнге сенімділіктің қайнар көзі.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – біздің төл мерекеміз. Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың кемінде бес мың жылдық тарихы бар. Сондықтан бұл мереке – біздің халқымыз үшін ерекше қымбат.
Күн шыққанда қуанып оянған Қазақ елінің жұлдызы биік болсын!
Адамдарға арман мен адалдық, ал жастарға құштарлық пен сұлулық сыйлаған Наурыз мейрамы, міне, әр үйдің төріне бақыт құсы болып қонды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймын!

16 желтоқсан – қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі. Ол өзімен бірге егеменді және жаңа тәуелсіз елі – Қазақстан Республикасының туылуын белгілейді. Жүрегінде патриоттық от жанып және Отанға деген махаббаты лаулап тұрған Қазақстандықтар үшін тәуелсіздік күні – ерекше мереке.