Архив событий

08/04/2014

Жалпықалалық сенбіліктен облыстық сот ұжымы да сырт қалмайды

08/04/2014

Қарағанды облыстық сотының ұжымы сот ғимаратына тиесілі аумақты тазартып, көріктендіру мақсатында сенбілікке шықты. Сот ұжымының күшімен сот ғимаратының жан-жағы қоқыстан тазартылды. Аталмыш шара қаламызды тазалықта ұстау мақсатында өткізіліп тұрады. Қаламызды тазалап, гүлдендіру шараларына қатыса отырып, әрқайсысымыз сүйікті қаламыздың бейнесін жақсартуға бағытталған ортақ іске өз үлесімізді қосамыз. Мұндай сенбіліктер апта сайын 2 ай бойы өткізілмекші.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы