Архив событий

16/04/2014

Алғыс алтыннан да қымбат...

16/04/2014

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаевтың атына қала тұрғындары Е.Кожемякина мен З. Досжановадан хат келіп түсті. Өз хаттарында авторлар облыстық соттың судьясы Ибраева Гүлсім Құмарбекқызына жоғары кәсібилігі, істі қарау кезіндегі жан-жақтылығы, тәуелсіздігі үшін шын жүректен алғыстарын білдірген.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс қаралды

16/04/2014
Қарқаралы аудандық сотының  өндірісіне  ҚР ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігімен (ұрлық)  айыпталған азаматша Ибраеваға қатысты қылмыстық іс түскен. Іс материалдарына жүгінсек, Ибраева туысы Ахметованың үйіне қонаққа келіп тұрып, оның Қазақстан Халық Банкісінің пластикалық карточкасын ұрлап кеткен. Ахметованың карточкасындағы 102000 теңгені шешіп алған. Сөйтіп Ахметоваға жалпы 104422 теңге көлемінде шығын келтірген. Істі қарау барысында Ибраева мен Ахметова  бір-бірімен туысқандық қатынаста болғандықтан, медиаторға  жүгіну туралы өзара шешімге келіп, сот отырысында өтініштерін жариялады.

Дау мұраты – бітім

16/04/2014
2014 жылдың наурыз айында Қарқаралы аудандық сотымен алғашқы рет қылмыстық іс  медиация тәртібімен қаралды. Аталмыш жайт бұқаралық ақпарат құралдарына  өткізілген арнайы брифингтің тақырыбына айналды. Брифингке  аудандық сотының  төрағасы М. Қасымбеков, баспасөз хатшысы  Ж. Абдрахманова, «Қарқаралы» газетінің тілшісі А.Кизкин қатысты.