Архив событий

23/04/2014

Жаңа ҚР АІЖК-нің жобасы талқыланбақ

23/04/2014

2014 жылдың 26-сәуірінде сағат 11.00-де Құрылысшылар даңғылы, 28-үй мекен жайында «Достар-Әлем» орталығында GIZ  халықаралық ынтымақтастығы бойынша Германия қоғамының халықаралық сарапшыларының қатысуымен «ҚР жаңа Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтпекші. Талқылауға судьялар, құқықорғау органдарының, әділет, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, кәсіпкерлер ассоциациясы мен банктердің, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы шақырылып отыр.  

Адам өмірінің құны – бір кесек темір

23/04/2014

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотпен ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлімі «д,з» тармақтарымен, яғни пайда табу мақсатында ерекше айуандықпен адам өлтірді деген айыпталған 1992 ж.т. азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.