Архив событий

29/04/2014

Қарағандыда жаңа ҚР Азаматтық іс жүргізу туралы Кодексінің жобасы талқыланды

29/04/2014
Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірлесе отырып ҚР Жоғарғы Сотымен құрылған жұмыс тобымен жаңа Азаматтық іс жүргізу туралы кодексінің жобасы әзірленіп, талқылауға ұсынылған болатын. Ағымдағы жылдың 26-сәуірінде Қарағанды облыстық сотының бастамасымен «Достар Әлем» орталығында GIZ халықаралық ынтымақтастығы бойынша Германия қоғамының халықаралық сарапшыларының, судьялардың, құқықорғау органдарының, әділет, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, кәсіпкерлер ассоциациясы мен банктердің өкілдерінің қатысуымен ҚР жаңа Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жобасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.