Архив событий

02/03/2015

Жезғазған соттарыңда кадрлік тағайындаулар

02/03/2015

Жезқазған қалалық сотында Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Ерден Рауанович Ариповтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылдың 18 ақпандағы № 1004 Жарғысымен Жезқазған қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына төраға болып тағайындалған Жумагул Ныгметович Шуженовты, Жезқазған қалалық сотына судья болып тағайындалған Гулим Кайркуловна Омарованы таныстыру және зейнеткерлікке шыққан Жезқазған қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Сабит Қожахметович Қожахметовпен Жезқазған қалалық сотының  судьясы Жубаныш Масеновты зейнеткерлікке шығуымен құттықтап Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мусабек Тургынбекович Алимбековтың жолдаған Құрмет грамотасын және сыйлықтарын табыс ету   іс шарасы өтті. Іс шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сот ұжымы қатысты.

Жезқазған қалалық сотына жаңадан тағайындалған судья Гулим Кайркуловна Омарова, 1972 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Сот саласында 2000 жылдан бастап маман қызметтін атқарған.