Архив событий

10/03/2015

Гендерлік саясатты іске асыру

10/03/2015

Бүгін Осакаров ауданының №2 сотында прокуратура, полиция, ҚАИ өкілдерінің қатысуымен әйелдерге қатысты кемсітушілікке қарсы тұру, гендерлік саясатты дамытуға байланысты «Дөңгелек үстел» іс шарасы өткізілді.

Сот төрағасы Қ.К. Байғаскин сөз сойлеп, соңғы жылдары әлемде гендерлік саясаттың дамуында Қазақстан өз ұстанымын іске асырып жатқанын атап көрсетті. Ел басымен қылмыстық кодекстің, сонымен қатар «Тұрмыстық күш қолданудың алдын алу туралы» Заңына баптарына толықтырулармен өзгертулер енгізілді.