Архив событий

03/03/2015

№2 Осакаров аудандық соты "Ашық есік күнін" өткізді

03/03/2015

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында 2015 жылға арналған БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» шарасы өтті. Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды  сот төрағасы Қ.К. Байғаскин қабылдады. 

«Ашық есік күні»  халыққа құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сондықтанда аумақ тұрғындары бұл мүмкіншілікті пайдаланып,  өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мол мүмкіндік алды.