Архив событий

11/03/2015

Ашық әнгіме

11/03/2015

2015 жылға арналған БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды  сот төрағасы Талғат Ибрагимұлы Тоқболатов жүргізді. 

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сондықтанда аумақ тұрғындары бұл мүмкіншілікті пайдаланып,  өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мол мүмкіндік алды.

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көшпелі сот отырысы өткізілді

11/03/2015

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен  судья С. К.Оразбаевтың төрағалық етуімен   «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС   «Балқаштустімет» Өндірісті бірлестігінің  ғимаратында    әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын-алу  және ескерту шаралары төңірегінде көшпелі сот отырысы өткізілді.