Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көшпелі сот отырысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен  судья С. К.Оразбаевтың төрағалық етуімен   «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС   «Балқаштустімет» Өндірісті бірлестігінің  ғимаратында    әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын-алу  және ескерту шаралары төңірегінде көшпелі сот отырысы өткізілді.

Бұл отырыста отбасы-тұрмыстық  қатынастар аясындағы  құқыққа қарсы әрекеттер  (ҚР ӘҚБК-нің 73 бабының 1 бөлігі бойынша) және  (ҚР ӘҚБК-нің 434 бабының 1 бөлігі бойынша) ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Сот отырысы басталғанға дейін, судья  С.К.Оразбаев  әкімшілік соттың жұмысы, әкімшілік істерді қараудың өзіндік сипаты жайлы  айтты. Өндіріс  жұмысшылары  жаңа Кодекстің қолданылуы  туралы, жоғарыда айтылған және басқа  да  құқықбұзушылық жасағаны үшін салынатын  айыппұл сомалары  туралы  өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.  

Бір әкімшілік іс бойынша азамат К. өзінде  үйінде мас күйінде ұрыс ашып,  шешесі Т.-ға  былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, тыныштығы бұзған.

Сот отырысында, жәбірленуші  Т. сотқа татуласқандығы өтініш хатты ұсынды. Оның ұлы кешірім сұрап, ендігәрі  қайтамайтынын айтқан.     

           Соттың қаулысымен азамат К.  жәбірленушімен татуласуына байланысты,  ҚР ӘҚБК-нің 73 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылықтан  босатылып, әкімшілік іс өндірісімен қысқартылды.

          Барлығы көшпелі сот отырысының барысында 10 әкімшлік іс қаралды.

 

Қайнар: 
Балхаш қаласының мамандырылған әкімшлік сотының баспасөз қызметі