Архив событий

12/05/2016

Қазыбек би аудандық сотымен іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды

12/05/2016
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 бабы 1 бөлігінде (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) көзделген қылмысты жасағаны үшін азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тонау жасағаны үшін сотталды

12/05/2016
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағында (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып жасалған тонау) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қарқаралы аудандық сотында 2016 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

12/05/2016
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық сотының төрағасы М.З. Қасымбеков 2016 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Брифингке жергілікті «Қарқаралы» газетінің тілшісі С. Әбілова қатысты.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

12/05/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабы 3 тармағына сәйкес азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Ата-анаға ескерту түрінде жаза тағайындалды

12/05/2016
Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімі (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілкке тартылды

12/05/2016
Абай ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 420 бабының 1 бөлігі (сарапшының, маманның, көрінеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма) бойынша айыпталған М.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мемлекеттік қызмет мүдделерiне қайшы пайдалануы

12/05/2016
Балқаш қалалық сотымен Т. мен Р. азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны бойынша айыптау үкімі шығарылды (орындауға уәкілеттік берілген адамның өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдалануы, eгep бұл азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі зиян келтіруі).