Архив событий

19/05/2016

Әкімшілік қамауға алынды

19/05/2016
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлімі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер), бойынша азамат И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Байқаусыздан мемлекетке қарыз болды

19/05/2016
Жаңаарқа аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 434 бабының 1 бөлімі бойынша азаматша С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азаматша С. темекі тұқылын жерге тастады, яғни ортақ пайдалану орның ластады.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату

19/05/2016
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен сотталған А.-ның (Қарағанды облысының бұрынғы әкімі) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтініш хаты қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдiктерге қатысты әкімшілік істер қаралды

19/05/2016
Шет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының шекарасында болу тәртібін бұзған Қырғызстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

19/05/2016
Балқаш қалалық сотымен азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.
Сонымен талапкер сотқа пәтерді су басып кету нәтижесінің салдарынан 31 773 теңге сомада материалдық залалды және 18 000 теңге мөлшерінде жобалау-сметалық құжаттама жасауға жұмсалған шығыстарды өндіру  туралы талап арызбен жүгінді.