Архив событий

18/05/2016

Ауыр қылмыс бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

18/05/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (қорқытып алушылық) бойынша сотқа берілген Д. және К. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қарқаралы аудандық сотында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді

18/05/2016
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы М.З. Қасымбеков жүргізді.
Аталған іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізіледі.

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды

18/05/2016
Қарағанды облысы Осакаров аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағанына азамат В.-ға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке айыптау қылмыстық ісін қарады.

«Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/05/2016
Шет аудандық сотында  «Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері, Шет ауданының прокуратура және Шет ауданының ішкі істер бөлімінің өкілдері, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Сот актілерін орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел

18/05/2016
Осакаров аудандық сотында 13 мамыр 2016 жылы прокуратура, әділет басқармасы өкілдері және Осакаров аудандық мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарының қорытындыларын жариялады

18/05/2016
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ш.К. Сисимбаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялау және қоғамдық пікір тудырған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізді.

Азаматтарды қабылдау бойынша іс-шара өткізілді

18/05/2016
Шахтинск қалалық сотының төрағасы Д.А. Дауітов азаматтарды қабылдауды өткізді. Аталған іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету үшін, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сенімін нығайту, сот жүйесіндегі сот төрелігіне қол жеткізу мақсатында өткізіледі.

Сотпен жұмыс орнын қалпына келтірілді

18/05/2016
Балқаш қалалық сотында талапкер О-ның Балқаш қаласының әкіміне, «Балқаш қаласы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты өкімінің күшін жойып, жұмыс орнын қалпына келтіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот шешім бойынша талапкердің талабын қанағаттандырудан келесі негіздер бойынша бас тартты.

Есірткі затын сақтағаны үшін айыппұлға салынды

18/05/2016
Шет аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, өткізу мақсатынсыз иемдену, сақтау) бойынша сотқа берілген азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Пәтер алаяқтығымен байланысты қылмыстық іс сотпен қаралды

18/05/2016
Балқаш қалалық сотымен азаматша П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабы 2 бөлігі «б» тармағы, 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағында көзделген қылмыс жасағаны, яғни алаяқтық туралы қылмыстық іс қаралды.

Татуласуға байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды

18/05/2016
Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабы – денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру бойынша айыпталған азамат Т.-ға қатысты жеке айыптау тәртібімен қылмыстық іс қаралған.