Архив событий

25/05/2016

Кінәсін мойындап, жасағанына өкінді

25/05/2016
Қарағанды облысының Бұқар-Жырау аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сонымен, іс материалдары бойынша құқық бұзушы Б. мас күйінде өз автокөлігін жүргізу барысында жол-патрульдік полициясының қызметкерлерімен ұсталғандығы анықталды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезіндегі проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/05/2016
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ішкі істер және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезіндегі проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Отбасылық жанжалдың салдары

25/05/2016
Шет аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекет туралы әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай азамат И. мас күйінде үйіне келіп, өзінің азаматтық некедегі жұбайына жанжал шығарды. Оны былапыт сөздерімен балағаттап, айқай шу шығарып, үй тұрғындарының тыныштығын бұзған.

Азаматтық істері бойынша процессуалдық мерзімдері мен сырттай іс жүргізу тәртібі талқыға салынды

25/05/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Іс жүргізу мерзімдері және сырттай іс жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Семинар сабағына аудандық соттың судьялары қатысты.

Саран қаласында мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

25/05/2016
Саран қаласында «Қазақстан Республикасының 2006 – 2016 жылдарындағы гендерлік даму Стратегиясын орындау мақсатында мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, Қарағанды облыстық сотының судьялары Нина Станиславовна Годлевская және Ақмарал Алшынбайқызы Даненова шараның модераторлары болды.

Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

25/05/2016
Жаңаарқа аудандық сотында судья А. О. Баубековтың төрағалық етуімен мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Отбасы–тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Жеке табыс салығының берешегін өндіріп алу

25/05/2016
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер Сәтбаев қаласының мемлекеттік кіріс басқармасы жауапкер азамат Н. жеке табыс салығына берешегін өтеу жөнінде азаматтық іс қаралды.

Бір сәттік жігерсіздіктің нәтижесі құқық бұзушылыққа әкеп соқтырады

25/05/2016
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат З.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Құқық бұзушы алкогольдік мас күйде көлік жүргізуге құқығы болмай, автокөлікті басқарған, сонымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігінің талаптарын бұзған.