Архив событий

25/05/2017

Сотталғандар қызметкерлері «Саран» шахтасы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін

25/05/2017

Саран қалалық сотында ҚР ҚК-нің 156 бабы 4 бөлігімен көзделген (еңбектi қорғау қағидаларын бұзу қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) А., М. және Т қатысты қылмыстық іс қаралған.

Нұра аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

25/05/2017

Нұра аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Қылмыстық кодексіне және қылмыстық-атқару кодексіне 18.04.2017 жылы еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Судья Ш.Бимуханов баяндама жасап, онда 46 бапқа – «Бас бостандығынан айыру», елеулі өзерістердің еңгізілгені туралы атап өтті.

Көлік жүргізу куәлігінен айырылды

25/05/2017

Бұқар-жырау аудандық сотында құқық бұзушы Р-ға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 610-бабының 2-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

25/05/2017

Жаңаарқа аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 73 бабының 1 бөлігімен азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М. үйіне мас күйде келіп жұбайына тиісіп, балағат сөздер айтып, үй-ішінің тыныштығын бұзып, отбасылық қарым қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық танытатын әрекеттер жасаған.

Іс татуласумен аяқталды

25/05/2017

Б мен Ю-дың балалары бір мектепте оқиды, балалардың арасында кикілжің болған. Балалардың арасында болған кикілжіңнің мән-жайын анықтау үшін олардың шешелері кездескен. Олар сөйлесіп тұрып, қатты ұрысып қалған, арты төбелеске ұласқан. Екеуін шақырту бойынша келген полиция қызметкерлері ғана айырып алған. Бұдан әрі әйелдер денесіне жеңіл жарақат түсіргені үшін жауаптылыққа тарту туралы бір-біріне шағым түсірген.

Шет аудандық сотының жетекші маманы Алмагүл Амантайқызы алғыс хатымен марапатталды

25/05/2017

Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшілігінің басшысы  Бақдаулет Нұрпеисов  Шет аудандық сотының жетекші маманы Алгожина Алмагүл Амантайқызыға өз міндеттерін тиісті орындағаны үшін алғыс хатымен марапатталды. Алмагүл Амантайқызыға сот мекемесінде 11 жыл қызмет атқарып келеді.

Есейген жас балалар

25/05/2017

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында П.азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралған.