Жаңалықтар

Сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды

10/04/2024

Саран қалалық соты Г.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Қылмыстық іс Г. мен Қарағанды облысы прокурорының орынбасары арасында жасалған кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу келісімімен сотқа келіп түсті.

Іс жүргізу келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы Г. Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағының қол сұғылмауын және иеліктен шығарылмауын бұзуға үгіттеді, сондай-ақ телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, ұлттық араздықты тудырып, украиналықтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды

09/04/2024
Бүгін Қарағанды облыстық соты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының О.-ға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бірінші сатыдағы сот О.-ға екі адамның абайсызда өліміне, 5 адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге, 12 адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, 8 адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін (ҚК 345 бабының 4 бөлігі) 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Халықаралық спорт күні

05/04/2024

Жыл сайын 6 сәуірде атап өтілетін Халықаралық даму және бейбітшілік үшін спорт күні бүкіл әлемдегі адамдардың өміріндегі спорт пен физикалық белсенділіктің маңызды рөлін көрсетуге мүмкіндік береді.

Спорт - әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және тұрақты даму мен бейбітшілікке, сондай-ақ ынтымақтастық пен құрметке ықпал ететін қуатты құрал.

Кәмелетке толмағанға келтірілген моральдық зиянды өтеу

04/04/2024

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін Б.-ның "А." ЖШС-не 3 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы  талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

2022 жылдың 25 мамырында жолаушылар автобусының жүргізушісі бағдаршамның қосымша рұқсат беру сигналына бұрылу маневрін жасап, жолдың жүріс бөлігін реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып, оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені анықталды.

2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

02/04/2024

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен ҚК-тің 345-бабының 3- бөлігімен айыпталған (көлік құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

СОТПЕН НЕ АНЫҚТАЛДЫ

Сот құрылыс салушыны үйдің кәріз құрылысын қаланың нөсер кәрізінен тыс бөлшектеуге және көшіруге міндеттеді

01/04/2024

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жеке кәсіпкер А.-ға "Қарағанды Су" ЖШС-не іс-қимыл жасауға мәжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот құрылыс салушыны тұрғызылған объектінің құрылыс нормаларына сәйкестігін сараптамалық тексеру қорытындысын ұсынуға немесе көппәтерлі үйді бұзуға міндеттеді

28/03/2024

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасы» ММ- нің «S» ЖШС- не (бұдан әрі- Серіктестік) салынып жатқан объектіні өз бетімен салынған деп тану, нысанды өз қаражат есебінен  бұзуға мәжбүрлеу туралы талап- арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Құрылыс салушы Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 51/4 мекенжайы бойынша орналасқан «Тұрғын емес ұй- жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй» (бұдан әрі- КТҮ) объектісінің құрылысын жүзеге асырғаны белгілі болды.

Сотпен ағаштарды жоюға қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды

19/03/2024

Бұған дейін, яғни 2023 жылдың қараша айының басында «Instagram» әлеуметтік желісінде Қарағанды қаласының 18-шағын ауданындағы саябақты қалалық мәслихат депутаттарымен абаттандыру  жұмыстары ( күміс терек)  көшеттері отырғызылғаны ) жүргізілгендігі туралы хабарланған болатын.

Беттер