Заңнамадағы өзгерістер Қарағанды облысының соттарында талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының соттарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүліктік құқықтарды, арбитражды қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңды одан әрі ізгілендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Қарағанды қаласының Қазыбекби ауданының №2 аудандық сотында өткен дөңгелек үстелге судьялар, жеке нотариустар, коммуналдық қызметтер өкілдері қатысты.

Судья Майра Мұхамбетқалиева өзінің баяндамасында 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап бұрынғы қарызды өндіру бойынша сотпен бұйрықтар шығару құқығы, нотариустарға нотариалдық жазба бойынша өндіріп алу құқығы берілетінін түсіндірді.

Слайдты пайдалана отырып, баяндама жасаған судья, заңыдағы әрбір түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталып өтті

Сот төрағасы Алмаз Ибраев аталған заң соттардың жүктемесін азайтуға және тараптардың көптеген талаптарын сот отырысынсыз қарауға мүмкіндік беретінін қатысушылардың назарын жеткізді.

Сондай-ақ, нотариалдық жазба беру тәртібі, нотариустардың қаулысына шағым беру және арыздар беру тәртібі туралы сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша қатысушылар пікір алмасып, заң нормаларын талқылады және судьялар түсіндірмелер берді.

 

 

Осакаров аудандық соты өткізген дөңгелек үстел жұмысында, прокурорлар, әділет басқармасының  бастығы, нотариустар, адвокаттар, сонымен қатар мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.

Сот төрағасы Нұр Әбілханов семинарға қатысушыларға талқыланған Заңның қолданылуына қатысты мәселелер туындаған жағдайда, олар жазбаша түрде баяндалған сотқа жіберілуі мүмкін екендігін түсіндірді.

 

 

Шет аудандық сотының іс-шарасына, оған аға прокурор Абай Алтынбеков, жеке сот орындаушы Азамат Касымов, жеке нотариус Бақыткүл Муканова және сот кеңсе мамандары қатысты.

Соттың төрағасы Амантай Абдыкамалов Банк шоттарына тыйым салу және бакнтік құпияны құрайтын ақпаратты сұрауға рұқсат беру прокуратураға беріледі және де бұл сотта ауыртпалықты төмендетеді әрі судьялар тарапынан шынымен күрделі сот процестеріне назар аударатындығына тоқталып атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Заңның кейбір нормативтік негізділігін қалай бастауға болатындығы туралы мәселелерді талқылады.

 

 

Теміртау қалалық сотының іс шарасында Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ерлан Сыздықов, Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Любовь Рыбалкина, нотариустар, адвокаттар, ПИК төрағалары, жеке сот орындаушылары, "Оқжетпес" ЖШС және "Оқжетпес-Т" ЖШС өкілдері қатысты.

Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашев қабылданған жаңа заң негізінде енгізілген кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Заңның одан әрі тәжірибеде қолданылуы туралы өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Источник: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының, Осакаров аудандық сотының, Шет аудандық сотының, Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметтері