Заңсыз есірткі затын иемденгені және сақтаған үшін қылмыстық жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ҚР ҚК-тің 296-бабының 3-бөлігі бойынша К-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот талқылауы барысында, К-ні қарап тексеру нәтижесінде, соңғыдан өсімдік тектес сұр-жасыл түсті заты бар полиэтиленді орама анықталған. Сот сараптамасына аталмыш заттың жалпы салмағы 53,46 гр. есірткі заты – кептірілген марихуана екені анықталды. Сотталушы ірі мөлшерде есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сот үкімімен К. кінәлі деп танылды, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген.
Источник: 
Октябрь аудандық сотның баспасөз орталығы