Жаяу жүрушіге соққаны үшін «қамау» бұлтартпау шарасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Теміртау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 345 б. 3б. көзделген, яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы туралы қылмыс жасағаны үшін қамау ретінде бұлтартпау шарасына санкция берді.
Оқиға 07.07.2016 жылы болды, жүргізушы Д.А. Кирилов «Lada Priora» автокөлігін жүргізіп Теміртау қ. Металлургов даңғылы бойынша Амангельды көш. жағынан Димитрова көш. жағына қозғалыстын қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін жылдамдықпен бара жатып «Корзин» СҮ жанында бағдаршамның көрсеткішісі бойынша жүру бөлігін өтуді аяқтауға кеген жаяу жүруші Е.А. Белаяға соқты. Соқы кесірінен жаяу жүруші Е.А. Белаяға зақым келтірілді, жедел жәрдеммен Теміртау қ. Орталық ауруханасының төтенше бөлмесіне апарылды, сода соң реанимаиялық бөліміне тапсырылды, Теміртау қ. ОА-ның реанимациялқ бөлімінде келтірілген зақымдардың кесірінен қайтыс болды.
Теміртау қалалық сотының қаулысымен тергеушнің қолдаухаты қанғаттандырылды, күдікті Д.А. Кириловқа қатысты 2 ай мерзіміне қамау ретінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Теміртау қалалық соты тергеу судьсының қаулысына күдіктінің қорғаушысынан аппеляциялық шағым түсті. Іс Қарағанды облыстық сотының сот алқасына долданған.
Қарағанды облыстық сотының сот алқасының қаулысымен Теміртау қалалық соты тергеу судьясының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, қорғаушының аппеляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Қаулы заңды күшіне енген.
Қайнар: 
Теміртау қалалық сотының баспасөз – қызметі