Іс. Медиация

Қылмыстық іс бойынша медиация тәртібімен келісім бекітілді

20/06/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігі бойынша (ұрлық) сотқа берілген азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотта сотталушы К. жәбірленушіге тиесілі ұялы телефонды ұрлаған.

Медиатор арқылы дауды реттеді

10/06/2016
Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық сотына Д. азаматына қатысты қылмыстық іс түсті.
Сотталушы Д. Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2-ші бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа жіберілді.

Тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

10/06/2016
Балқаш қалалық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер С.-дан заттай мүлікті талап ету туралы азаматтық ісі қаралды.
Жауапкер талапкермен некесін бұзғаннан кейін ерікті түрде заттай мүлікті қайтаруға ниет білдірмеген, сол себептен меншік иесі өзінің мүлкін бөтен біреудің иелігінен талап етуге мәжбүр болған.

Медиация тәртібімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

02/06/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ауыр қылмыс бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

18/05/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (қорқытып алушылық) бойынша сотқа берілген Д. және К. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге келді

05/05/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша С.-тың жауапкер А.-ға кәмелеттік жасқа толмаған баланы республикадан тыс жерге тұрақты тұру үшін келісім беру туралы азаматтық іс қаралды.

Өз еркімен әкелігін мойындады

05/05/2016
Шахтинск қалалық сотына азамат Р.-дің әкелігін анықтау және алимент өндіру туралы талап арызымен азаматша Д. жүгінді.

Беттер