Тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер С.-дан заттай мүлікті талап ету туралы азаматтық ісі қаралды.
Жауапкер талапкермен некесін бұзғаннан кейін ерікті түрде заттай мүлікті қайтаруға ниет білдірмеген, сол себептен меншік иесі өзінің мүлкін бөтен біреудің иелігінен талап етуге мәжбүр болған.
Дегенмен, сот талқылауы барысында тараптар өзара ақылдасып, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келді.
Келісім нәтижесі бойынша талап қоюшы өз талабынан бас тартып, жауапкер С.-тан талап қоюшының пайдасына талап арызда көрсетілген заттай мүліктерді қайтаруға, сондай-ақ оларды тиеу үшін жүк көлігі мен қорғаушының қызметтерін төлеуге міндеттенді.
Тараптарға дауды медиация тәртібімен рәсімдеу бойынша заң талаптары мен салдары түсіндірген соң, сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ұйғарым шығарды.

 

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі